Ағаштарды әктеу жұмысы жүргізілмей ме?
Петропавлда қалалық саябақтарда, гүлзарларда және көшелерде ағаштарды әктеуден бас тарту мәселесі көтерілді. Бұл ұсынысты дендролог және көгалдандыру саласындағы сарапшы Артур Рязапов алға тартып отыр.

Бұл бастаманы қаланың дизайн-коды жобасын талқылау барысында көтерілді. Маман әкімдікке «көгалдандыру» жұмысына бірқатар ескертулерді айтып, қоғамдық кеңістіктердегі ағаштарды әктеуден толық бас тарту бар мәселесі қаралды.
Сарапшының айтуынша, әктеу қалалық жас көшеттердің сыртқы түрін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар ағаштарға зиян тигізуі мүмкін.
— Басты көшелердегі қолданылатын ақ түс қалалық ортаны, әсіресе саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшелерінде табиғи ортаны бұзады. Ағаштар табиғи емес көрінеді және жалпы композициямен үлеспейді, — дейді Артур Рязапов.

