Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО ҚАЖД қызметкерлері студенттермен кездесті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында және «Ғылым апталығы» шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаменті өкілдерінің қатысуымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті студенттеріне ашық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараға департаменттің бас маманы Екатерина Говоркова мен оқытушы Оксана Шут қатысып, тарих, экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттерімен кездесті. Сабақтың тақырыбы – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бақылау жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар, сондай-ақ аталған санаттағы тұлғаларға әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстандағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мемлекеттік органдардың рөлі кеңінен талқыланды.

Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі мазмұнды жауап алды. Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің кәсіби құзыретін арттыруға және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *