Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да полицейлер денсаулығы күрт нашарлаған жүргізушіге көмектесті

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында Корнеевка мен Заградовка ауылдарының арасындағы жол учаскесінде кюветке шығып кеткен автокөлік анықталды. Оқиғаны Заградов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Саян Раимбеков байқап қалған.

СҚО ПД мәліметінше, көлік ішінде Айыртау ауданының 46 жастағы тұрғыны болған. Оның айтуынша қан қысымы кенеттен көтеріліп, жағдайы күрт нашарлағандықтан, көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол бойындағы қалың өсімдіктер көліктің аударылып кетуіне жол бермеген. Жүргізуші ауруханаға барудан бас тартып, дәрі қабылдағанын айтып, өзін Қызыләскер ауылындағы туыстарына жеткізуді өтінген.

Саян Раимбеков көмекке Корнеев ауылдық округінің учаскелік инспекторы Диас Жанайдарды шақырған. Екі полиция қызметкері бірлесіп Volkswagen Passat автокөлігін кюветтен шығарып, жүргізушіні көрсетілген мекенжайға аман-есен жеткізді. Жол үстінде азаматтың жағдайы біршама жақсарған. Жүргізуші көрсетілген жедел әрі жанашыр көмегі үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді өз денсаулығына мұқият болуға, көліктің техникалық жағдайын қадағалауға және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *