Петропавлда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Петропавлда күн жылынып, синоптиктер ауа райының тұрақталуын алға тартуда. Алайда қалада көпқабатты үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарда жылу өшірілме отыр.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары пәтерлердегі адам төзгісіз ыстыққа шағымдануда. Петропавлдықтар күн мен түндерді ашық терезелермен өткізуге мәжбүр.
Петропавлда ауа температурасы күндіз 19-20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде термометрде оң мәндер сақталады. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов әлеуметтік желідегі парақшасында қалада жылыту маусымы 27 сәуірге дейін жалғасатынын жазды.
— Құрметті достар! Аптаның соңына дейін жаңбыр жауып, түндер әлі салқын болады деп болжануда. Сондықтан 27 сәуір дүйсенбіден бастап қала бойынша жылыту маусымы біртіндеп аяқталады, — деді Нұрлан Кеңесов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында жылу желілері Петропавл әкімдігінің балансына берілді. Өткен жылы Петропавлда жылыту маусымы 21 сәуірде аяқталды.

