CҚО-дан Дағыстанға гуманитарлық көмек жөнелтілді
Дағыстанда су тасқыны орын алып, бірқатар қиыншылықтар тудырды. Мұны естіген петропавлдықтар бей-жай қарай алмады. Жерлестеріміз гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Жақында жүк көліктерге тиелген материалдық қолғабыс табиғи апаттан зардап шеккен орынға жөнелтілді.

Қайырымдылық іс-шарадан солтүстікқазақстандықтар шет қалмады. Жергілікті тұрғындар белсенділік танытып, гуманитарлық көмек жүгіне қажетті заттарды жинауға белсене атсалысты. Қайырымдылық акциясына осыдан екі жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен «Бірлік» шағынауданынынң тұрғындары да белсенділік танытып, үн қосты.
— Біз су тасқынының зардабын сезінгенде Дағыстаннан көмек келді. Енді біз де қолұшымызды созып, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырыстық. Аз да болса көмегіміз тиеді деген ниеттеміз, — дейді Виктория Шанаурина.
Қайырымдылық жүк көлігіне 100 отбасыға арналған азық-түлік тиелді. Гуманитарлық көмек Махачкалаға 4-5 күнде жетеді деп жоспарлануда.

