Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жерлесіміз, теннисші финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 198-ракеткасы Тимофей Скатов ғШымкент челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 325-орындағы франциялық Антуан Гибодомен бетпе-бет келді.

Тимофей бірінші сетте 4:1 есебімен алға кетті. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:2. Скатов екінші партияны да дәл осындай есеппен аяқтады — 6:2.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Т.Скатов 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Гибодо 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов финалда чемпиондық атақты әлемнің 359-ракеткасы, өзбекстандық Сергей Фоминмен сарапқа салады. Ол әлемнің 285-ракеткасы, босниялық Андрей Недичті жолдан тайдырды – 4:6, 6:1, 6:4.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *