Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да авиациялық жасақ құрылады

Солтүстік Қазақстан облысында авиациялық жасақ құрылады. Жаңа бөлімшеге арналған нысанның құрылысы басталып кетті.

«Казавиаспас» АҚ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірлерде 20 авиациялық құтқару жасағын құру жөніндегі жоспары кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Жоспар аясында Петропавлда авиациялық жасақ құрылады. Бөлімшеге арналған әмбебап ангар қазірдің өзінде салына бастады. Ол 0,36 га аумақта орналасады.

— Жоба өңірлік инфрақұрылымды дамытуға, құтқару авиациясының әлеуетін арттыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Авиациялық жасақ құру өңірдің төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі әлеуетін арттырады және қауіпсіздікті жаңа деңгейге шығарады, — деп атап өтті «Казавиаспас» АҚ.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *