Жарияланған күні: 28.04.2026
Амангелді ауылында құтырма ауруына шалдыққан ит иесін шабуылдады
Есіл ауданының Амангелді ауылында құтырма ауруы итке жұғып, төртаяқты иесіне шабуыл жасады.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, иттің иесі жануардан күдіктеніп, ветеринарларға жүгінді. Жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде иттен құтырма дерті анықталды.
Бүгіндері Амангелді ауылында ит пен мысық көрмелерін өткізуге, жануарларды сатуға және оларды елді мекен аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынды. Сонымен қатар, індет ошағында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, 45 үй жануарына құтыруға қарсы екпе салынды.
Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатовтың айтуынша, қазіргі уақытта эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жоспарлы ветеринарлық іс-шаралар толық көлемде атқарылып жатыр.

