Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да мал ұрылары ұсталды

Облыста 20-24 жастағы төрт жігіт қылмыстық топ құрып, Тайынша ауданында жұрттың малын ұрлады деген күдікпен тергеліп жатыр.

СҚО ПД мәліметінше, қолға түскен күдіктілер – жергілікті тұрғындар. Олар Тайынша ауданының ауылдары мен аудан орталығында сәуір айының басынан бері әрекет еткен. Жігіттер қоралардан қой ұрлаған.

Айта кетерлігі, мал иелерінің ешқайсысы жануарлардың жоғалғанын өз бетінше байқамаған. Қылмыстар полицияның күнделікті жедел-профилактикалық жұмысы барысында анықталды.

Аудан орталығындағы бейнебақылау камералары күдіктілердің бірінің ұрланған малды «ВАЗ 2112» автокөлігінің жүксалғышы мен салонында тасымалдап, сатып алушыға жеткізгенін тіркеген. 1 мамыр күні, малды өткізгеннен кейін олар бірден ұсталды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығының төрт дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Барлығы 23 қой ұрланған. Оның 12-сі сатып алушылардан алынып, иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріледі. Сондай-ақ, ұрланған малды сатып алушының жауапкершілігі мәселесі де қаралып жатыр.

Полицейлер ауыл тұрғындарын қырағы болуға, қора-қопсы, малдарын ұрылардан қорғау бойынша өзге де шаралар қабылдауға шақырады. Жыл басынан бері СҚО-да 6 мал ұрлығы тіркеліп, олардың барлығы ашылды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *