Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртау ауданында ірі өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылмақ

Айыртау ауданында ауқымды өнеркәсіптік жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тау-кен байыту комбинаты салынатын аумақты аралап көрді.

Өткен жылдан бері мұнда қалайы негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын Сырымбет полиметалл кен орнын игеру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, салық түсімдері артып, ауданның экономикалық әлеуеті айтарлықтай нығаяды.

Жалпы алғанда, бұл жоба Айыртау ауданы мен облыстың өнеркәсіптік өсімі мен әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналмақ.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *