Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 241 га жер пайдаланылмаған

Қызылжар ауданының жер пайдаланушысы кодекс талаптарына қайшы, ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 241 га су қорының жер учаскесін пайдаланбаған. Нәтижесінде кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, прокурорлық қадағалау актісімен заң бұзушылыққа жол бергендер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның мәліметінше, қабылданған шара мемлекеттің мүддесін қалпына келтіруге және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қадағалау органы алдағы уақытта да жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өтті.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *