Жарияланған күні: 13.05.2026
Теріскейлік екі палуан жүлделі атанды
Қазіргі уақытта Алматыда грек-рим күресінен Қазақстан кубогы жарысы өтуде. Өңір намысын жерлестеріміз қорғап жатыр. Олардың 2-уі қанжығаларын майлап үлгерді.
Жарыста қоржынға алғаш болып жүлдені грек-рим күресінің шебері Данияр Кәленов салды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Теріскейлік спортшы 5 кездесу өткізіп, тек финалда қарсыласын есе жіберді. Нәтижесінде қоржынға күміс түсті.
Ал ауыр салмақта, Ұлттық құраманың мүшесі Ислам Евлоев қола жүлдегер атанды.

