Жарияланған күні: 15.05.2026
Петропавлда қатты желдің салдарынан ағаштар құлады
Петропавлдағы Партизан мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында ағаштар құлады. Ағаштар жолды жауып, тұрғындарға біраз қиындықтар туғызған.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер, мерт болғандар жоқ.
Петропавл қалалық әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, ескірген ағаштарды жақын маңдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары кестірмеген.
— Салдарынан терек өз салмағына шыдамай құлаған және жанындағы шіріген тағы бір үйеңкіні зақымдаған. Сондай-ақ көше жарығының бетон бағанының бүлінуіне әкелді, — дейді дендролог Тимур Зверяченко.

