Халық қаһарманы Айдын Айымбетов студенттермен кездесті
Петропавлдағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде салтанатты шара өтті. Жиында жерлесіміз Александр Викторенко атындағы алғыс хаттар мен дипломдар студенттер мен оқытушыларға табысталды.
Салтанатты шараға арнайы келген Халық қаһарманы Айдын Айымбетов студенттермен тілдесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Ғарышкер жерлесіміз Александр Викторенконың тұлғасына тоқталып, жыл сайын ұйымдастырылатын жиынға өз бағасын берді.

— Колледж студенттерді біліммен сусындатып, тәрбие беріп жатыр. Құрылыс колледжінде мұндай шараның маңыздылығы жоғары. Сіздер еліміздің болашағысыздар, араларыңызда болашақ құрылысшылар, заңгерлер сынды мамандар отыр. Алдағы уақытта өз жолыңызды таңдап, Александр Викторенко сынды өз жерлеріңізді таныта аласыз деп ойлаймын, — деді Александр Викторенко.
Облыстың құрметті азаматы Александр Викторенко атындағы диплом мен алғыс хат үздік және белсенді оқытушыларға, студенттерге және әлеуметтік серіктестерге табысталды.

