Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

МӘМС жерлестерімізге әлемді көруге мүмкіндік береді

Петропавлда офтальмалогиялық оталар жасау үрдісі жақсы жолға қойылған. Бүгінде облыс орталығында мұндай медициналық көмекті 2 бірдей жеке меншік клиникасы жүргізеді. Соңғы кездері МӘМС аясында жүздеген пациент көзге операция жасап, әлемді жаңа бояулармен көре алды.

Мұндай пациенттің бірі — Мурат Бикпаев. Петропавл тұрғыны тіркелген емханасына барып, көздің нашар көруіне шағымданды. Тиісті мамандар тексергеннен соң, оған жолдаманы «Айна-Көз» клиникасына берді. Жеке меншік емдеу мекемесі қала тұрғынына«катаракта» диагнозын қойлды.  Кейін пациентке ота жасау туралы шешім қабылданды. 
— Біздің клиника МӘМС аясында жұмыс істейді. Оталардың құны 335 мыңнан 506 мың теңгеге дейін жетеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылғандарға мұндай оталар Қор есебінен жасалады. Тегін айтуға да болады. Ең бастысы пациенттер ай сайын жарналарын жолдаса болғаны, — дейді офтальмолог, микрохирург Сардар Байрамов.
Мәселен, Мурат Бикпаев зейнеткер. Ол Қор жүйесінде жеңілдік санатына кіреді. Оған ота жасау тегін жүргізілді.
 
— МӘМС жүйесі тиімді. Мен осымен Қордың арқасында екінші ота жасатып отырмын. Бұған дейін облыстық ауруханада маған күрделі ота жасалды. Енді міне, кезек көзіме де жетті. Бұған дейін жанарым нашар көретін, қазір әлемді түрлі бояулармен көріп отырмын, — дейді Мурат Кенжебаевич. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *