СҚО-да егіс алқабының 4/1 бөлігі егілді
Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн гектардан астам егіс алқабы немесе 25% егілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, 19 мамырда шаруалар 1 092,5 мың га егін екті. Оның ішінде дәнді дақылдар — 642,3 мың га, майлы дақылдар — 362,6 мың га, жемшөптік дақылдар — 84,6 мың га, картоп — 2,7 мың га, көкөністер — 0,3 мың га.
Өңірге литріне 281 теңгеден 59 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл техниканы далаға дер кезінде шығаруға мүмкіндік берді. Машина-трактор паркін жаңарту және заманауи агротехнологияларды енгізу жалғасуда.
Биыл агроөнеркәсіптік кешенді жеңілдікпен несиелеу көлемі 170 млрд теңгені құрады. «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 105 млрд теңге берілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар тұқым, тыңайтқыш және қажетті материалдарды алдын ала сатып алды.
Биыл жалпы егістік көлемі 4,3 млн гектарды құрады. Әртараптандыру шеңберінде астық секторына тәуелділікті азайту және рентабельділігі жоғары дақылдар алаңдарын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Осылайша, дәнді дақылдар алаңы 100 мың гектарға — 2,9 млн гектарға дейін қысқартылды. Бұл ретте майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға, азықтық дақылдар алқабы 405 мың гектарға жетеді.
Картоп пен көкөніс дақылдарының алқабы өткен жылғы деңгейде сақталды — тиісінше 8,6 мың га және 1,4 мың га.

