Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мәдениет саласы қызметкерлері боз кілемде мықтыны анықтады

«Береке» спорт кешенінде мәдениет саласы қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер көкжалы» жарысы өтті. Сайысқа облыстың өнерпаздары қатысып, екі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

«Өнер көкжалы» додасы облыс аудандары мен қаласынан 40 балуан қатысты. Олардың бір тобы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түссе, екіншісі 80 келіден жоғары салмақта белдесті.

Бір күнге актер, әртіс, әншілер мен мұрағат қызметкерлері сахналық костюмдерін тастап, боз кілемге шықты. Тартысты жарыстың жалпы жүлдеге қоры — 1 млн. теңгені құрады. Бірінші орын — 500 мың, екінші орын — 300 мың және үшінші орынға — 200 мың теңге қарастырылды. 

Жарыс қорытындысы бойынша 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақжар аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрқасым Хасенов жеңіске жетті. Ал «Түйе палуан» атағын С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қызметкері Нұрхан Салауатов иеленді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *