Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да адам папилломасы вирусына қарсы 957 қызға екпе қойылды

АПВ — адамның терісі мен ауыз қуысын және жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарын зақымдайтын өзара ұқсас вирустардың 200-ден астам түрі, ол кең тараған. Ол қол алысу, сүйісу, сондай-ақ терідегі зақымданулар арқылы, жыныстық жолмен, сондай-ақ анадан балаға босану кезінде жұғуы мүмкін. Кейбір онкогенді түрлері ұзақ уақыт ағзада сақталып, жатыр мойны обырының дамуына әкеледі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, вирус ылғалды ортада тез таралатындықтан, сауна, монша, спортзал, дәретхана, бассейн сияқты қоғамдық орындарға барған кезде сақтық шараларын сақтау қажет.

— Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар ішінде сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Қазіргі таңда АПВ-ны толық жоятын емдеу тәсілі жоқ, сондықтан алдын алудың жалғыз тиімді әдісі — вакцинация, — дейді Әсет Жұматаев.

Бүгінде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады. Вакцина иыққа бұлшықет ішіне егіледі.
2026 жылдың басынан бері облыста 11–13 жас аралығындағы қыздарға екпе салынып келеді. Биыл 503 қыз бірінші дозаны, 454 қыз екінші дозаны алған. Егілгендер арасында ешқандай қолайсыз жағдай тіркелмеген.

Маманның айтуынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, енді 14-17 жас аралығындағы қыздарға да қосымша вакцинация жүргізіледі. Бұл вакцина үш кезеңмен: алғашқысы доза таңдалған күні, екіншісі — екі айдан кейін, үшіншісі — алты айдан соң егіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *