Жарияланған күні: 25.05.2026
СҚО-да төртаяқтыларды чиптеу жұмыстары жалғасуда
СҚО-да ит-мысықтарды чиптеу науқаны жалғасуда. Бүгіндері облыста 16 мыңға тарта үй жануарына арнайы датчиктер қойылды. Айта кету керек, төртаяқтыларды чиптеу жұмыстары қожайындары есебінен жүргізіледі.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, ит-мысықтарды тегін тек әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар қол жеткізе алады. Таңба басу, ен салу деген секілді ескі әдістерге қарағанда электронды чиптеу – тиімді амал. Ал ережені орындамағандар үшін арнайы жаза қарастырылған екен.
— Чип – бұл жануардың электронды төлқұжаты. Оны салдырудан ит, мысыққа еш зиян жоқ. Ақпараттық базаға иесі туралы да мәлімет енгізіледі, — деді СҚО ветеринария басқармасының бас маманы Мадиан Тюгумбаева.

