Жарияланған күні: 28.05.2026
СҚО-ға жаңа прокурор тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды.

Жаңа прокурорды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев таныстырды.
Ержан Дүйсекеновтың прокуратура органдарында мол тәжірибесі бар. Еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бері Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
Бұған дейін облыс прокуроры қызметін Қайрат Әбдіханов атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2023 жылдың мамыр айында тағайындалды.

