Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі Аққайың ауданында болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды жыл сайынғы аралау және халықпен кездесу жұмыстарын бастады. Алғашқы кездесу Аққайың ауданында өтті. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы «Крафт Агро» ЖШС-дегі егіс науқанының барысымен танысып, ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Бүгінде көктемгі егіс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.

Сапар барысында бизнестің ауылдық елді мекендерді дамытуға қосып отырған үлесіне ерекше назар аударылды. 2026 жылы ауданда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге бағытталған. Осындай мысалдардың бірі – Тоқушы ауылында өрт сөндіру бекетінің құрылысы. Бұл жобаға «Крафт Агро» ЖШС 200 млн теңге бөлді. Жаңа нысан бірнеше елді мекеннің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Смирново ауылындағы «Икеа Тасс Групп» ЖШС құрамажем зауытына да барды. Бұл – қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылған ауданның ірі инвестициялық жобаларының бірі. Кәсіпорын бір ауысымда 300 тонна жемдік ұн өндіреді. Алдағы уақытта компания өнімді сақтау және жөнелту терминалын салуды жоспарлап отыр. Жаңа жобаға салынатын инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды.

Аудандық емханада өңір басшысы материалдық-техникалық базаның жаңартылуымен танысты. Өткен жылы медициналық мекемеге жедел жәрдем көлігі сатып алынса, биыл тағы екі арнайы техника алынған. Сонымен қатар Қамышлово ауылында медициналық пункт пен мамандарға арналған тұрғын үй салынды. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Сапар аясында Ғауез Нұрмұхамбетов ұзындығы 16,8 шақырымды құрайтын «Астраханка – Смирново – Қиялы – Тайынша – Алексеевка» автожолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Жалпы биыл аудандық маңызы бар 26,8 шақырым жол жөндеумен қамтылады.

Жұмыс сапары Аққайың ауданы тұрғындарымен кездесумен және жаңа балалар ойын алаңын аралаумен аяқталды. Кездесу барысында инфрақұрылым, әлеуметтік сала және ауылдарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *