Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда Балаларды қорғау күні аталып өтілді

Облыс орталығының басты алаңында кішкентай солтүстікқазақстандықтарға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Оған өңірдің мыңдаған бүлдіршіні қатысып, түрлі байқаулардан қалыс қалмады.

Мерекелік шара облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының өнерпаздары дайындаған ән-би шашудан бастау алды. Кішкентай өнерлі балапандар өз өнерлерін ортаға салды. 

Конституция көшесі бойынша балаларға түрлі интерактивті алаңдар ашылып, әр балаға лайықты ойындар мен байқаулар ұсынылды. 

Шығармашылық шеберлік сыныптары, танымдық бағдарламалар мен қызықты викториналар. Мұнда әр бала өз қызығушылығына сай іс таба алды. Мерекенің басты мақсаты ересектердің назарын кәмелетке толмағандардың құқықтарына, денсаулығына, білімі мен қауіпсіздігіне аудару. Өйткені, бақытты балалар дені сау әрі өркендеген қоғамның негізі. Сонымен қатар, балаларға өздерін өртсөндіруші-құтқарушы ретінде сезінуге мүмкіндік берілді. Олар үшін арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылып, бүлдіршіндер нағыз өрт сөндіру көлігі мен өзге де арнайы техникалардың ішіне кіріп көрді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *