Петропавлдың сауда орталықтарында «Денсаулық аралы» акциясы өтті
Петропавлдың сауда-ойын-сауық орталықтарында «Денсаулық аралы»ауқымды акциясы өтті. Үш күн ішінде қала емханаларының қызметкерлері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп, тұрғындардың қанындағы қантты, холестеринді тексеріп өлшеді.

Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Биыл шараға 300-ге жуық адам қатысып, өз денсаулықтары жайлы қажетті мәліметті ала алды. Қала тұрғындары белсенділік танытты.
— Денсаулық сақтау басқармасы Қордың филиалымен бірлесе отырып, бұл акцияны бірінші жылдан бері өткізіп келеді. Биыл қаланың барлық емханалары: 1-ші, 2-ші, 3-ші емханалары мен «Денсаулық» және «ПриИшимья» жеке емханалары жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда жастар өз денсаулығын тексеруге белсене қатысты. Тұрғындар өздерінің қан қысымы мен қандағы қантқа қызығушылық танытатыны қуантады, — дейді қалалық емханалардың қызметкерлері.
Акцияның арқасында тұрғындар өздерінің денсаулықтары туралы біліп, көбі жыл сайынғы скринингті кейінге қалдырмау қажет екенін көз жеткізді. Айта кету керек, бұл акция МӘМС жүйесімен егжей-тегжейлі танысуға да мүмкіндік берді. МӘМС-ке енгізілген инновациялар туралы білді.
— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — бұл мүмкіндік медициналық қызметтердің толық спектрі. Ең бастысы МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет. Биыл Қор тексерулерге, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және онкологиялық ауруларға қатысты бірқатар жаңа өзгерістер енгізді, — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыә КЕАҚ СҚОФ бөлімінің басшысы Қарлығаш Ілиясова.
Биыл акция қаланың түкпір-түкпірінде өткізілді. Медициналық десант «City Mall» СОО-да 19-шы және 20-шы шағынаудан тұрғындарын тексерді. Бұл іс-шара «Квартал» сауда орталығында да өтті. Қала орталығының тұрғындары өз денсаулықтары туралы ақпарат біліп, МӘМС жүйесіне қызығушылық танытты. Ең көп адам «Тайга» СОО ұйымдастырылған акцияда болды. Онда 150-ден астам адам қатысты.

