Жарияланған күні: 03.06.2026
СҚО-да жыл басынан бері 1200 азамат құқықтық көмек алды
«Құқықтық дәріхана» акциясы жалғасуда. Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен кезекті рет ақпараттық-танымдық шара өтті. Оның басты мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық көмек көрсету.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, акция аясында облыс орталығының тұрғынына есептелген салық төлемдерінің заңдылығы бойынша түсіндірме беріліп, салық декларациясын тапсыру тәртібі жөнінде ұсыныстар жасалды.
Ал Шал ақын ауданының тұрғынына баласының мектепке дейінгі білім беру ұйымына барғандығы үшін артық төленген қаражатты қайтару мәселесі сол жерде шешілді.
Акция барысында облыстың 137 тұрғыны түрлі мәселелер бойынша қабылданды. Жыл басынан бері прокурорлар 19 акция өткізіп, олардың барысында 1 200-ден астам азамат қабылданды.

