Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ның ветеринарлық желісін жаңғыртуға 1,77 млрд теңге бағытталды

Қазақстанның аусылсыз ел ретіндегі мәртебесін растау аясында мал шаруашылығын дамыту және отандық ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашылуда.

🟦

СҚО-ның ветеринарлық желісін жаңғыртуға 1,77 млрд теңге бағытталды. Мәселен, биыл 57 ветеринариялық пункт және 2 ветеринариялық станса салынуда. Келесі жылы дәл осы көлемде ветеринариялық пункттер салу жоспарлануда.

2026 жылдың соңына қарай жаңа ветеринариялық нысандармен қамтамасыз ету 60%-ға жетеді. Санитариялық-эпизоотиялық бақылауды күшейту үшін 32 мал қорымы салынуда. Етті мал шаруашылығы саласындағы 32 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары  Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, қабылданып жатқан шаралар мал басының сау болуын сенімді бақылауды қамтамасыз етуге, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *