Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Құқықтық дәріхана» акциясы 1000-нан аса адамды қамтыды

Бүгінгі кезекті рет «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында прокурорлар тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Дәстүрлі шара қаланың сауда орталығының бірінде ұйымдастырылды. 
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері өткізілген апталық акциялардың қорытындысы бойынша облыс прокуратурасының бақылауына тұрғындардың 20-дан астам мәселесі алынып, кейіннен олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, 20-дан астам мәселе «орнында қарау» қағидаты бойынша, яғни акция барысында жедел түрде шешімін тапты.
— Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасынан шығуға қойылған шектеу мәселесі бойынша шағымданған. Ол Петропавл қаласында бір апта қонақта болғаннан кейін Қазақстан Республикасынан шыға алмай қалған. Аталған азаматтың ІІ топтағы мүгедектігі болған және тұрғылықты жері бойынша тұрақты ем қабылдауды қажет еткен. Негізгі мәселе азаматтың елден шығуға шектеуді қай уәкілетті немесе құқық қорғау органы қойғанын анықтай алмауында болды.
Облыс прокуратурасының қызметкерлері азаматқа сол жерде құқықтық көмек көрсетіп, шектеуді енгізген органды анықтады, қалыптасқан жағдайды шешу бойынша тиісті ұсынымдар берді және проблемалық мәселені шешуге жан-жақты қолдау көрсетті. Келесі күні аталған шектеу алынып тасталды, — деген мысалды облыс прокурорлары келтіріп отыр.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы 21 акция өткізіп, олардың барысында 1 300-ден астам азамат қабылданды. «Құқықтық дәріхана» акциясы өз жұмысын жалғастыруда. Акция әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *