Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында, өңірдегі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, энергетикалық және агроөнеркәсіптік жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  өңірдегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі – «ЗИКСТО» ЖШС-нің қызметімен танысты. Кәсіпорын теміржол жылжымалы құрамын өндіреді. 2025 жылы жалпы аумағы 12 мың шаршы метр болатын жаңа зауыттың құрылысы аяқталып, заманауи роботтандырылған технологиялық желі іске қосылды. Жобаның құны 25 млрд теңгені құрайды, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытының, «Масло-Дел» ЖШС май экстракциялау зауытының, «Зелёный Север» жылыжай кешенінің және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, шикізатты терең өңдеуге және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Петропавл ЖЭО-2-де 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, сондай-ақ жөндеу және инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуы таныстырылды. 2025 жылы инвестициялық бағдарлама көлемі 15 млрд теңгені құраса, ағымдағы жылы 16,2 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар Петропавл қаласында Универсальная көшесі бойындағы жол өтпесі жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру қала аудандары арасындағы көлік және жаяу жүргіншілер байланысын жақсартып, көлік ағындарын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 90%-ды құрайды, аяқталуы ағымдағы жылдың тамызына жоспарланған.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Qyzyljar» экопаркі мен «Зенченко және К» КТ-нің заманауи сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. 8 мың басқа арналған, «Карусель» қондырғысымен жабдықталатын ферма Орталық Азиядағы ең ірі кешендердің біріне айналмақ.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сондай-ақ Новоникольское ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын аралап көрді. «Зенченко және К» КТ әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің үлгісін көрсетіп отыр: кәсіпорын есебінен Новоникольск ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынған. Соңғы бес жылда әлеуметтік жауапты бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға 3,2 млрд теңгеден астам инвестиция салған.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *