Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келмеген 305 жол белгісі анықталды

СҚО-да «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК облыстық филиалдарының мамандары республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерінде инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Тексеру барысында жол белгілерінің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі бағалануда. Олардың техникалық жай-күйіне, дұрыс орнатылуына, көріну деңгейіне, сондай-ақ жарық қайтаратын элементтердің болуына және жағдайына ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі күні 15 820 жол белгісі тексерілді. Тексеру нәтижесінде нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін 305 жол белгісі анықталды. Визуалды шолу барысында жарық қайтаратын үлдірдің болмауы немесе зақымдануы, жол белгілерінің талапқа сай орналастырылмауы, бағанның қисаюы, тіректер мен бекіту элементтерінің коррозияға ұшырауы, белгілер бетінің механикалық зақымдануы, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың ақпаратты қабылдауына кедергі келтіретін өзге де ақаулар тіркелді. Сонымен қатар, жарық қайтаратын қасиеттері жеткіліксіз жол белгілері анықталып, олардың түнгі уақытта көріну деңгейінің төмендегені белгілі болды.

Ескертулер бойынша ақпарат жауапты ұйымдарға жолданып, кемшіліктерді жою шараларын қабылдау үшін тиісті ұсыныстар берілді. Мұндай тексерулер жол инфрақұрылымы элементтерін күтіп-ұстаудағы кемшіліктерді уақтылы анықтауға, олардың қолданыстағы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *