Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да МӘМС аясында 32 жоғары технологиялық ота жасалды

Жыл басынан облыста 32 жоғары технологиялық операция жасалды. Өңірде аталған медициналық қызметтерді екі медициналық ұйым көрсетеді. Бұл жайында толығырақ «ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ басшысының міндетін атқарушы Талғатбек Тілеубердин айтып берді. 

Баршаға мәлім, қазір пациенттерге жоғары технологиялық операция жасау үшін Астанаға барудың қажеті жоқ. Аталған медициналық қызметтер облысорталығында да қолжетімді.

— Солтүстік Қазақстан облысында жоғары технологиялық операциялар Петропавл қаласының екі ауруханасында жүргізіледі. Өткен жылы аталған медициналық қызметтер ТМККК пакеті шеңберінде және МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілді. 2025 жылы жалпы сомасы 163 млн. 401 мың теңгеге 25 операция орындалды. Оның ішінде ТМККК бойынша – 64 млн. 568 мың теңгеге 10 операция, МӘМС бойынша — 98 млн. 834 мың теңгеге 15 операция, — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы ТалғатбекТілеубердин.

МӘМС жүйесі бойынша қор филиалының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері 204 млн. 796 мың теңге сомасына 32 операция жасалды. Оның ішінде көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында 14 млн. 634 мың теңгеге 3 операция, көпсалалы облыстық ауруханада 190 млн. 162 мың теңгеге 29 операция жасалды.

— Жоғары технологиялық операциялардың құны 1 млн. 447 мың теңгеден 6 млн. 684 мың теңгеге дейін жетеді. Осы медициналық қызметтерді алу үшін пациенттерге МӘМС жүйесінде «сақтандырылған»мәртебесі болуы керек, — дейді Талғатбек Тілеубердин.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *