Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Шал ақын ауданы Бірлік ауылында әкесін ұрған жігіт қамалды

Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылында оқыс оқиға орын алды. Әлеуметтік желіде таралған видеоға сәйкес, бәзбіреу жігіт өз әкесіне қол көтерген. 

Белгілі болғандай, полиция бұл дерек бойынша іздеу шараларын жүргізіп, Бірлік ауылының тұрғынын ұстады. Жас азамат 67 жастағы әкесін ұрған. Қазіргі уақытта ер адам 5 тәулікке қамауға алынды. 

Полиция қызметкерлері бұл жанжалдың тұрмыстық себептерге байланысты туындағанын анықтаған. Жігітке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі — «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.

Зейнеткер сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты, ұлына қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, полицияға арыз жазудан бас тартты.

Полиция департаменті отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және туыстарына қатысты кез келген құқыққа қарсы әрекеттер үшін заңға сәйкес жауапкершілік бар екенін ескертеді. Осындай жағдайлардың куәсі болған жағдайда, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *