Жарияланған күні: 22.06.2026
СҚО-да сотталғандар жұмыспен қамтылуда
Сотталғандарды жұмыспен қамту-бір реттік акция емес, жүйелі жұмыс. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша ҚАЖ департаментімен, «Еңбек-Қызылжар» РМК-мен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде сотталғандарға арналған заманауи өндірістік инфрақұрылым дәйекті түрде құрылуда.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, №48 және №51 мекемелерде үш өндірістік объект пайдалануға беріліп, 92 млн теңге игерілді. Нәтижесінде түзету мекемелерінде 192 жұмыс орны құрылды. «Еңбек» РМК-нің тігін цехы және «Новопэк» ЖШС-мен бірлесіп биг-бэгтер шығаратын екі өндіріс орны бар.
Бұдан бөлек, №50 мекемеде ауданы 1000 ш.м. жаңа ангар салынуда, ол тағы 60 жұмыс орнын береді.
Іске асырылатын шаралар сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыруға, олардың кәсіби дағдыларды меңгеруіне және табысты қайта әлеуметтенуіне бағытталған.
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

