Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ыстық ауа райы сақталады

Бүгін Петропавлда сынап бағанасы 34 градусқа дейін көтерілді. Соңғы рет мұндай ауа райы 1989 және 2015 жылдары тіркелген екен.

— Биылғы маусым айының басты ерекшелігі — ұзаққа созылған аптап ыстық. Ай басталғалы облыстағы ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткіштерден 3–5 градусқа жоғары тіркелді. Өңір бойынша орташа ауа температурасы +20…+23°С шамасында болды. Күндіз термометр бағандары +28…+33°С-қа дейін көтерілсе, облыстың шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде +35…+36°С-қа дейін жетті, — дейді мамандар.

Синоптиктердің болжамынша, шілдеде де өңірде ыстық ауа райы сақталады. Айлық орташа ауа температурасы +19…+21°С болмақ. Бұл климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары.

Шілденің алғашқы онкүндігінде түнгі ауа температурасы +4…+9°С-тан +9…+14°С-қа дейін, ал күндіз +20…+25°С пен +25…+30°С аралығында құбылады. Онкүндіктің соңына қарай күн қайта ысиды.

Екінші онкүндіктің басында ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі. Түнде +17…+22°С, ал күндіз қатты ыстық болып, +31…+36°С-қа дейін жетуі мүмкін. Кейін температура түнде +12…+22°С, күндіз +26…+36°С аралығында құбылып тұрады. Онкүндіктің соңында аздап салқындауы мүмкін.

Үшінші онкүндікте түнгі температура +9…+20°С, күндіз +23…+34°С аралығында болады деп күтіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *