Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Айыртауда ірі тау-кен жобасы жүзеге асырылады

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың Shandong Xinhai Technology компаниясының тең құрылтайшысы Ли Чуанжань мырзамен және «Ресурс-2018» ЖШС даму жөніндегі директоры Константин Луценкомен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыста жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалардың бірі – Айыртау ауданындағы «Баян» вольфрам кен орнын игеру және тау-кен байыту комбинатын салу мәселесі талқыланды.

Аталған жоба Қазақстан–Қытай серіктестігі аясында іске асырылатын болады. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 100 млрд теңгені құрайды, 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

— Бұл жобаның жүзеге асуы облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өндіріс пен экспорт көлемін ұлғайтуға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, сондай-ақ аудан экономикасының дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қоспақ,- деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *