Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жаңа Конституция басылымдары тапсырылды

1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде салтанатты жиын өтті.

 

Шарада салтанатты түрде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Халықтық Конституцияның арнайы басылымдарын өңір тұрғындарына табыс етті.

— Халықтың еркімен жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заңымыз еліміздің дамуының жаңа кезеңін ашты. Бұл кезеңнің басты өзегі — адам, оның құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және тең мүмкіндіктер қағидаты. Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Конституция ауқымды жаңғырулардың берік құқықтық негізіне айналғанын атап өтті. Бұл реформалар мемлекеттік институттарды нығайтуға, билік тиімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған, — деді өңір басшысы.

Бүгін Конституцияның арнайы басылымдары түрлі салаларда еңбек етіп, Солтүстік Қазақстан облысының дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға табысталды. Қатысушылар Ата Заңның жаңартылған нұсқасының қолданысқа енуі мемлекеттің құқықтық негізін нығайтып, Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа бағыт-бағдар беретін маңызды тарихи кезең екенін атап өтті.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *