Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс орталығында бұзақылық жасаған 20 баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Петропавлда жасөспірімдер 20 бұзақылық жасаған. Ал 59-ы спирттік ішімдік ішкен. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ең жиі анықталатын заң бұзушылық жасөспірімдердің түнгі уақытта серуендеуі. Жыл басынан бері Петропавл қаласының полицейлері кәмелеттік жасқа  толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 573 фактісін, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуының 13 фактісін анықтаған.  Сонымен қатар 136 қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаларын асырау және тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

«Кейбір ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын ересек туыстарымен бірге жібереді. Бұл арада заңды өкілдер тек ата-аналардың өздері немесе оларды алмастыратын адамдар бола алады. Мысалы, балалар спорттық жарыстарға барса, жаттықтырушыға сенімхат жазылуы мүмкін. Ешбір ересек адам заңды өкіл болып табылмайды. Ата-аналардан мұны естен шығармауларын сұраймыз», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *