Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда QYZYLJAR MUSIC FEST ауқымды шарасы өтуде

Бесінші жыл қатарынан Петропавл қаласы өнер мен мәдениеттің тоғысқан ордасына айналып келеді. Осы жылдар ішінде халықаралық QYZYLJAR MUSIC FEST фестивалі өңірдің рухани келбетін айшықтайтын маңызды мәдени бренд ретінде танылды.

Биылғы мерейтойлық V фестиваль қазақтың біртуар опера әншісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Бес күнге жалғасқан өнер мерекесі аясында көрермендер этникалық музыкадан бастап заманауи хореография, эстрадалық, электронды және классикалық музыкаға дейінгі сан қырлы музыкалық бағыттармен қауышып, әлемдік өнердің әсем өрнегіне куә болды.

Фестивальдің төртінші кеші классикалық музыкаға арналды. Сахна төрінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Зарина Алтынбаева мен Италияның танымал опера әншісі Анджело Форте өнер көрсетті. Талантты өнерпаздардың жоғары кәсіби шеберлігі, сахна мәдениеті мен әсерлі орындауы көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерейтойлық фестивальдің ең жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *