Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысы «Қазақстан тұрғын үй компаниясымен» ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Құздибаевпен кездесті. ЕКездесу барысында тараптар өңірдегі тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде жаңа тұрғын үй жобаларын іске асыру перспективаларына, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан тұрғын үй компаниясы биылғы жылы жеңілдетілген кредиттік тұрғын үй құрылысына 9,3 млрд теңге, сондай-ақ МЭКС тетігі аясындағы жобаларды іске асыруға 14 млрд теңге көлемінде қаржы бөлмек.

Бұл — өңірде тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтауға, пайдалануға берілетін баспананың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *