Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

Соңғы жылдары Петропавл инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналып келеді. Биылдың өзінде облыс орталығында құны 57 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асты. 

СҚО әкімдігінің ақпаратына сәйкес, «Eco Park Qyzyljar» аумағын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Аумағы 7,5 мың шаршы метрді қамтитын жерде түркиялық инвесторлар өңірдегі ең ірі отбасылық демалыс орындарының біріне айналатын заманауи аквапарк салуды жоспарлап отыр. Мұнда жылытылатын бассейндер, монша, сауна, хаммам, су аттракциондары мен тұрғындар және қала қонақтарына арналған жайлы демалыс аймақтары бой көтереді. Сонымен қатар, Тепличное ауылы арқылы өтетін саябаққа кіреберіс жолды кеңейту және 520 орындық автотұрақ салу жобасы басталды.

Бұдан бөлек, «PANA UNIQUE QYZYLJAR» жобасы аясында тарихи ғимараттв қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Реставрация аяқталғаннан кейін мұнда қонақүй, мейрамхана мен TARY кофеханасы ашылады. Сондай-ақ аумағы абаттандырылып, серуендеу аймағы жасалады. Жобаның инвестициялық көлемі 10 млрд теңгені құрайды.

Ал «Жас Өркен» шағын ауданында «Rixos» халықаралық брендімен бес жұлдызды қонақүй кешенінің құрылысы басталды. Құны 38 млрд теңге болатын жоба қонақүй, тұрғын үй кешені және бизнес-орталық салуды көздейді. Келушілер үшін мейрамханалар, жазғы терраса және халықаралық талаптарға сай заманауи инфрақұрылым қарастырылады.

«Harvest Agro Holding» компаниясы Астана және Брусиловский көшелерінің қиылысында дзюдо орталығы бар қонақүй кешенін салу жобасын іске асыруда. Инвестиция көлемі 7,5 млрд теңгені құрайды. Кешен құрамында конференц-зал, заманауи спорт орталығы, мейрамхана, жазғы терраса және басқа да функционалды кеңістіктер болады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *