Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Аққайың ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

Смирново ауылында қайта жаңғыртудан өткен №9 өрт сөндіру бөлімі ашылды. Аққайың ауданында қайта жаңғыртудан өткен №9 өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

Бұрынғы ғимарат апатты деп танылғаннан кейін оны қайта жаңғырту туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінде бөлімше заманауи талаптарға сай жабдықталған әрі өрт сөндірушілердің қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасалған. Бұл төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттырып, аудан тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін күшейтуге ықпал етеді. Жаңартылған өрт сөндіру бөлімі 17 мыңнан астам тұрғыны бар 29 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

— Өңірде өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Соңғы екі жылда облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп, заманауи өрт сөндіру техникалары, арнайы құрал-жабдықтар сатып алынды және бөлімшелердің әлеуеті күшейтілді. Азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту және құтқарушылардың тиімді қызмет атқаруына қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Осы маңызды жобаның жүзеге асуына үлес қосқаны үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне және министр Шыңғыс Әріновке шынайы алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *