Жарияланған күні: 24.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады
«Әділет» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық сайлауалды штабы ресми түрде өз жұмысын бастады. Осылайша партия Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы өңірлік жұмысын іске қосты.

Штабтың негізгі мақсаты – сайлаушылармен ашық әрі тиімді байланыс орнату, партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын кеңінен түсіндіру және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін назарға алу.
Алдағы күндері штаб мүшелері облыс тұрғындарымен кездесулер өткізіп, бағдарламаның негізгі бастамаларын әртүрлі форматта таныстырады. Әрбір кездесу – халықтың пікірін тыңдап, өңірдің өзекті мәселелерін бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.
«Әділет» партиясы әділетті қоғам құруға, өңірлердің тұрақты дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағы үшін нақты әрі тиімді шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған бағдарламасын халықпен бірге іске асыруға дайын.

