Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да мобильді медициналық бригадалар ауылдарды аралады

Мобильді медициналық бригадалар 120 елді мекенге барып, Айыртау, Ақжар, Қызылжар, Жамбыл, Тайынша, Уәлиханов аудандарының, сондай-ақ Ғабит Мүсірепов пен Шал ақын аудандарында 15 мыңнан астам тұрғынды медициналық тексеруден өткізді.

Аққайың, Тимирязев, Есіл, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарымен де қызмет көрсету жөнінде келісімшарттар жасалған.

— Үш ай ішінде көшпелі медициналық кешеннің бейінді дәрігері 4 мыңнан астам консультация өткізді, 12 мың медициналық зерттеу жүргізді. Тексеру барысында дәрігерлер 660 тұрғыннан түрлі ауруларды анықтап, бұл жалпы тексерілгендердің 4,3 пайызын құрады. Сондай-ақ 73 адам диспансерлік есепке алынды, — дейді мамандар.

Анықталған аурулардың ішінде қан айналымы жүйесі аурулары бірінші орында тұр, тексерілгендердің 20% анықталған. Сондай-ақ, балалар арасындағы аурулар — 13,5%, қант диабеті — 2,6%, ал глаукома — 0,4% құрады.

Мамандардың айтуынша, көшпелі медициналық кешендер шалғай ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолданылады. Бұл аурулардың алдын алуға және оларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *