Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Меңгесер көлінде тағы бір адам көз жұмды

Мамлют ауданына қарасты Меңгесер тұзды көлінде қайғылы оқиға орын алды. Су айдынына шипа іздеп келген 63 жастағы әйел көз жұмды.

Оқиға 26 шілде күні сағат 13:00 шамасында болған. Марқұм суға кірген кезде кенеттен жағдайы нашарлаған. Көл жағасында оған медициналық көмек көрсетілгенімен, жанына араша түсу мүмкін болмады. Осы факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

— Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады, — деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Бір ай бұрын осы Меңгесер көлінде 77 жастағы ер адам көз жұмған еді. Ол да тұзды көлге кірген кезде өзін жайсыз сезінген. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі ер адамды аман алып қала алмады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *