Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы ХҚКО-ның автодромы уақытша жабылады

Екі апта бойы Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан автодромда жөндеу жұмыстары 3 тамызда басталады. Осыған байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру мүмкін болмайды.

Жөндеу барысында автодромның асфальтбетон жабыны толық жаңартылып, жол төсемінің сапасы жақсартылады. Бұл емтихан тапсырушыларға сынақтан қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда өткізуге мүмкіндік бермек.

Филиал өкілдері алдын ала жазылып, практикалық емтиханды тапсыру мерзімі автодромды жөндеу уақытына тұспа-тұс келген азаматтарға емтиханның жаңа күнін қайта таңдау қажеттігін ескертеді. Олар жақын маңдағы қалалардағы мамандандырылған ХҚКО-ларға жазыла алады немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсырады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *