Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «QYZYLJAR SABANTUI» мерекесі аталып өтілді

Петропавл қаласында халықаралық QYZYLJAR SABANTUI – 2026 мерекесі кең көлемде өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ Қазақстанның өңірлері мен Татарстан Республикасынан келген делегацияларды бір арнаға тоғыстырды. Ауқымды шара халықтар достығының, тату көршіліктің және рухани бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

Петропавлға Татарстан Республикасынан 200-ден астам өнерпаз, музыкант және мәдениет қайраткерлерінен құралған үлкен шығармашылық делегация келіп, ұлттық өнердің үздік үлгілерін ұсынып, қонақтар мен қала тұрғындарына Сабантойдың қайталанбас мерекелік атмосферасын сыйлады.

Солтүстік Қазақстан облысы үшін QYZYLJAR SABANTUI мерекесінің маңызы айрықша. Өңіріміз көп жылдан бері бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, өзара құрмет пен этносаралық татулықтың үлгісі болып келеді. Түрлі этнос өкілдері өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ортақ мақсат жолында бірлікпен еңбек етіп келеді.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *