Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА МҰРЖАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАДЫ

Петропавлдағы жылу электр орталығында салынып жатқан түтін мұржасының құрылысы уақытша тоқтады. Себебі жаңа нысан осьінен ауытқып, бір жаққа қарай қисайып кеткен.

 

Ақауды анықтаған жауаптылар, оны бөлшектеуге шешім қабылдады. Әзірге құбырдың қанша метрін бұзуға тура келетіні белгісіз. Ол үшін жобалық ұйым өкілдері арнайы есептеу жұмыстарын жүргізетін болады. Дегемен монополист компания өкілдері құрылысты сәтін салса қыркүйекте қайта бастаймыз деп сендіріп отыр. Бүгінде түтін мұржасын  Шығыс Қазақстандық «Казтеплоспецстрой» серіктестігі салып жатыр. Олар барлық шығынды өз мойындарына алатын болды.  

 

Айта кету қажет жаңа құбырдың жалпы биіктігі – 180 метрді құрайды. Ол сәтін салса, келер жылы толықтай іске қосылады деп жоспарланып отыр.  

«Бұл жағдай алдағы жылыту маусымына еш әсер етпейді. Біз барлық қазандықты қалған екі мұржаға  қосып қойдық. Сондықтан уайымдауға еш негіз жоқ. Бетон құятын автоматты қондырғы орнынан жылжып кеткен. Сондықтан ақау пайда болған. Арнайы комиссия іске кірісті. Ендігі жұмыс мамандардың жасаған қорытындысына сай атқарылады. Қазір қауіпсіздік нормаларымен талаптарын сақтай отыра, жаңадан салатын боламыз. Негізінен қыркүйектің соңына дейін барлық шаруаны аяқтаймыз деп ойлаған едік. Енді кестеден сәл кешігеміз», — деді Петропавл жылу электр орталығының директоры Дмитрий Захаров.

 

Естеріңізге сала кетейік былтыр наурыз айында старегиялық нысанда нөмірі бірінші түтін мұржасы опырылып кеткен еді. Төтенше жағдай кезінде машинист-қараушы әйел үйіндінің астында қалып, мерт болды.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *