Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда жалған ақпарат берген келіншек сотталды

Петропавлда келіншікке қарсы қылмыс жасалып, сот отырысында жәбірленуші көрінеу жалған айғақ беріп жазаға тартылды.

Сот отырысында бұрынғы Конституция негізінде келішікке бас бостандығынан 5 жылға айыру жазасы қарастырылған болатын. Алайда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасалып, заңға сәйкес жазасы 3 жыл 4 айға қысқартылды. Сотталған жазасын шартты түрде өтейді.

Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленген келіншекке тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқу орнын пробация қызметіне хабарламай өзгертуге, алкоголь ішілетін ойын-сауық орындарына баруға, бос уақытында тұрғылықты жерінен шығуға, сондай-ақ пробация органына хабарламай басқа елді мекендерге кетуге тыйым салынды.

Ол пробация қызметіне тіркеліп, профилактикалық әңгімелесулерге қатысуға міндетті. Егер тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаса, бір ай ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс.

Сонымен қатар сотталған әйелден жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.

Былтыр Петропавлдағы пәтерлердің бірінде төрт адам әйелді күшпен ұстап, олардың екеуі оған қатысты зорлық әрекетін жасаған. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға шағымданып, қылмыстық іс сотқа дейін жеткен. Алайда сот талқылауы барысында әйел бұған дейін берген айғақтарынан бас тартқан. Тергеу және сот барысында оның көрінеу жалған айғақ бергені анықталған. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

https://kaz.inform.kz/news/petropavlda-sotta-zhalgan-aygak-bergen-kelnshek-sottaldi-686aeb50

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *