Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-ға 3 мыңға жуық адам қоныс аударды

СҚО еңбек мобильділігі орталығының мәліметінше, бұдан бөлек 129 мүшесі бар 48 қандас отбасы қоныс аударды. Олар Қытай халық республикасынан, Ресей мен Өзбекстаннан келген.

— Биыл СҚО-ға қоныс аударушылар үшін 800 отбасыға немесе 2820 адамға арналған өңірлік квота белгіленген. Қазіргі таңда жоспар 99,9% орындалып отыр. Ал қандастарға арналған өңірлік квота 68 отбасыға, яғни 207 адамға арналған, — делінген хабарламада.

Еңбек мобильділігі орталығындағы қандастарды бейімдеу және интеграциялау бөлімі азаматтарды келген сәттен бастап кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Мамандар құжат рәсімдеу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздеу, балаларды білім беру ұйымдарына орналастыру және медициналық көмек алу мәселелерін шешуге көмектеседі.

Сонымен қатар қандастар мен қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, өңірлік квотаға енгізілу, әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеу және құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріледі.

Мамандар келген азаматтарға Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері, заңнама негіздері және шағын бизнес ашу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазақ және орыс тілдерін үйренуге де жәрдем көрсетіледі.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *