Петропавл қаласының құрметті азаматы Анатолий Мишин өмірден өтті
Петропавл қаласының құрметті азаматы, белгілі қоғам қайраткері Анатолий Иванович Мишин 86-ға қараған жасынды қайтты. Әлеуметтік желіде облыс әкімі көңіл айтып, айтулы азаматтың еңбек жолына тоқталды.
Анатолий Иванович 30 жылдан астам уақыт «Облбытрадиотехника» кәсіпорнын басқарды. Қалалық мәслихаттың депутаты болып бірнеше рет сайланып, қоғамдық өмірге белсене араласты және облыс орталығының дамуына елеулі үлес қосты.
— Жауапкершілік, адамдарға деген шынайы жанашырлық пен туған қаласына деген адалдық оның азаматтық болмысының айрықша қырлары еді. Анатолий Ивановичтің жарқын бейнесі туған-туыстарының, жақындарының, достары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желісінде.

