Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Астаналық азамат Петропавлда есірткі сатпақ болған

Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткіні тасымалдады және таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен ұнтақ тәрізді зат салынған 120 бума тәркіленді.


Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда жоспарын жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түскен. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткінің таралуына қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *