Жарияланған күні: 17.08.2026
СҚО-да қанша бала тегін тамақпен қамтылады
Жаңа оқу жылында СҚО ыстық тамақпен 34 жарым мың оқушыға дайындалады. Басым бөлігі – бастауыш сыныпта оқитындар.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, 1–4 сыныптарда оқитын 27 660 балаға тегін ыстық тамақ берілсе, әлеуметтік санаттарға жататын 5–11 сыныптардағы 6840 оқушы да мектеп асханасында тегін тамақтанатын болады.
Айта кету керек, 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылардың тамақтануына күніне 738 теңге, 11–14 жастағы балаларға 909 теңге, ал 15–18 жастағы жасөспірімдерге 968 теңге қарастырылады.
Жаңа оқу жылында облыстағы 439 мектепте барлығы 73 437 бала білім алады. Оның 6789-ы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, бірінші сыныпқа барады.

